Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Персоналды дамыту департаменті персоналды дамыту басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Агроинженерия
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Аграрлық техника және технология
  • Қаржы
  • Персоналды басқару

Функционалды міндеттер

  1. Басқару қызметін жалпы басқаруды және үйлестіруді жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асырады;
  3. Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыруды, оларды ротациялауды, аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
  4. Мемлекеттік органда мемлекеттік қызмет туралы еңбек заңнамасының орындалуын қамтамасыз етуді, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
  5. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сондай-ақ олардың марапатталуы мен ынталандырылуы жөнінде мемлекеттік орган басшысына ұсыныстар береді;
  6. Министрліктің орталық аппаратының, ведомстволар мен аумақтық инспекциялардың құрылымын және штат санының лимиті шегінде штаттық санының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынады;
  7. Басқаруға бағынышты ұйымдардың Біртұтас кадрлық жүйедегі жұмысын бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз етеді;
  8. Қызметкерлерді басқару стратегиясын әзірлеуге қатысады және оның орындалуын қадағалауды жүзеге асырады;
  9. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтен өтуіне қатысты министрліктің шешімдерін рәсімдеуді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет кадрларының жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
  10. Басшылар мен мамандардың қызмет атқаратын лауазымына сәйкес келуін анықтау үшін аттестациялық комиссияның жұмысын бақылауды жүзеге асырады;
  11. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асырады;
  12. Қызметкерлерді мемлекеттік, ведомстволық, министрліктің марапаттарымен наградтауға арналған құжаттарды әзірлеу мен орындауды ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асырады;
  13. Мемлекеттік қызмет өткеруіне байланысты шешімдерді рәсімдеуге бақылауды жүзеге асырады;
  14. Департамент қызметкерлерінің қызметін бағалау бойынша есептерді уақытылы әзірлеу мен тапсыруға, сондай-ақ «Персоналды басқару» бағыты бойынша Министрліктің қызметін бағалау есептерін әзірлеу мен тапсыруға және кадрлардың ауыспалылығы туралы деректерді жоғарғы органдарға ұсынуға бақылауды жүзеге асырады;
  15. Басқармадағы атқарушылық және еңбек тәртібіне бақылауды жүзеге асырады:
  16. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуіне қатысты материалдарды қалыптастырады;17. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған адамдарға тәлімгерлік жұмысын қамтамасыз етеді;
  17. Министрлік басшылығының, Департамент директорымен оның орынбасарының Басқарманың құзыретіне қатысты тапсырмаларын уақытылы орындайды;
  18. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының өтініштерімен жұмыс жүргізеді;
  19. Ішкі еңбек тәртібі қағидаларының талаптарын сақтайды;
  20. Функционалдық міндеттеріне сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
  21. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді жүзеге асырады;
  22. Департамент директоры, Департамент директорының орынбасары және Басқарма басшысы жүктеген, сондай-ақ Департамент туралы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.11.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.11.2025 – 13.11.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20МВ

Сұхбаттасу күні

17.11.2025

Сұхбаттасу орны

город Астана, улица Мәңгілік Ел, дом 8, Дом министерств, 3 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

87172555969, 87752831026