Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Астана қаласының жер ресурстарын басқару департаментінің Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспектор, С-О-4 санаты

Мемлекеттік орган

Астана қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Геодезия және картография
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Жерге орналастыру
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, бөлімге жүктелген міндеттер мен міндеттердің тиісті орындалуын қамтамасыз ету. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру. Пайдаланылмайтын жерлерге бақылау жүргізу және алып қоюға. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне: Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат беру; жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау жөніндегі есеп беру. Анықталған жер заңнамасы бұзушылықтарын жою бойынша орындалуға міндетті нұсқамаларды беруге. Жер заңнамасы саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға. Қазақстан Республикасы Жер кодексінде көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап-арыздар дайындауға және беруге. Пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді анықтауды және мемлекеттік меншікке қайтаруды жүзеге асыруға. Жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген тәртібін бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізілсе, объектілердің құрылысын, пайдаланылуын, геологиялық барлау және басқа да жұмыстарды тоқтатуға. Бақылауды жүргізу: Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қабылданған шешімдерінің заңдылығы; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығына; мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, олардың нысаналы мақсатына сәйкес жер учаскелерін пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтауына; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне; жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын және өндірістік объектілерді жобалау, орналастыру және салуына; жерді жақсарту, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғату, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердің тозуын тудыратын басқа да процестердің салдарларын болдырмау және жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуіне; азаматтардың жер учаскелерін беру туралы өтініштерін қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына; жергілікті атқарушы органдарға уақытша жер пайдалануға берілген жерлерді уақтылы қайтаруына; жердің бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалануына; жерге орналастыру жобаларын және жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі басқа да жобаларды жүзеге асыруына.     Барлық қызметтермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, олардан өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарды алуға. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (шағымдарын), сондай-ақ бөлім құзыретіне кіретін мемлекеттік органдардың сұраулары бойынша уақытылы қарауға және жауап беруге. Сот процесіне қатысу. «А» - функционалдық блогы.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.11.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.11.2025 – 11.11.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

17.11.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы Мәңгілік ел даңғылы, 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-97-26