Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті Мал шаруашылығы салаларын дамыту стратегиясы басқармасының сарапшысы, санаты C-5, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Биотехнология
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы стратегиялық құжаттарды, тұжырымдамаларды, бағдарламаларды және өзге де бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу; ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарының көрсеткіштерін және мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы өзге де салалық бағдарламаларды әзірлеу және түзету; қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге мал шаруашылығы салаларын дамытудың негізгі көрсеткіштерін болжауды жүзеге асыру; ауыл шаруашылығы жануарлары мен мал шаруашылығы өнімдерінің ішкі және сыртқы; мал шаруашылығы, жемшөп өндірісі және тауарлық балық өсіру саласының жай-күйіне және дамуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары үшін жемшөп экспорты-импортына мониторинг жүргізу; жемшөп өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; жемшөп өндірісі саласын дамытудың индикативтік жоспарларын әзірлеу; елдің, оның ішінде өңірлер бойынша бөлінісінде жемшөп балансын жасау; жемшөп өндірісі саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту және кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу;; қоғамдық бірлестіктермен, партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ БАҚ-пен жемшөп өндірісі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру; мал шаруашылығы саласын дамыту стратегиясы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау; мал шаруашылығын дамыту туралы, оның ішінде республика облыстары бойынша талдамалық ақпарат жасау; кеңестер, алқа мәжілістері және басқа да іс-шаралар өткізу үшін мал шаруашылығы саласындағы даму және мемлекеттік; талдау ақпараттарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрінің блогында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған азаматтардың сұрақтарына жауаптарды жинақтау және орналастыру; анықтамалар мен басқа да құжаттарды жасау; тауарлы балық шаруашылығы саласындағы заңнаманы және мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тетіктерін реттейтін заңнамалық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктері мен нысандарын жетілдіру және жаңаларын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;; мал шаруашылығы саласындағы халықаралық байланыстарды дамытуға және кеңейтуге қатысу; мал шаруашылығы саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап дайындау; мал шаруашылығын дамыту туралы, оның ішінде республика облыстары бөлінісінде талдамалық ақпарат жасау; мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктері мен нысандарының тиімділігін арттыру, жаңа тетіктерін енгізу бойынша; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстарды мониторингілеу және үйлестіру;; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері туралы, тиісті бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын игеру туралы талдамалық ақпарат жасау; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау; тауарлы балық өсіру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға, салалық бағдарламаларды, стратегиялық жоспарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; тауарлық балық өсіру мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламаларға негіздеме әзірлеу және талдау материалдарын дайындау, Департамент, Министрлік басшылығының Департамент құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.08.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.08.2020 – 08.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,

e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz