Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті Тұқым шаруашылығы және сорт сынау басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 07.03.2019 ж. бастап 02.01.2022 ж. дейін), санаты С-5, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Биотехнология
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарында көзделген тиісті құзыреттің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Тұқым шаруашылығы саласына талдау және мониторинг жүргізу; тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік аграрлық саясатты әзірлеу; тұқым шаруашылығы саласындағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, салалық және басқа бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге қатысу; тұқым шаруашылығы саласында инновациялық технологияларды дамытуға және ғылыммен қамтамасыз етуге жағдай жасауға қатысу; тұқым шаруашылығы саласындағы бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; тұқым шаруашылығы саласындағы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және халықаралық құжаттарды әзірлеуге қатысу; тұқым шаруашылығы саласында құқықтық мониторинг жүргізу; тұқым шаруашылығы саласында нормативтік құқықтық негіздін мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; тұқым шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі келісімдерді әзірлеуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.08.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.08.2020 – 08.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі,36

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,

e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz