. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Заң қызметі департаменті құқықтық-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
422437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Мынадай қызметтердің жүзеге асырылуын ұйымдастырады:
1) шарттардың және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;
2) құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу;
3) соттарда, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Министрліктің мүддесін білдіру;
4) заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету;
5) тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Министрліктің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) Министрліктің қызметінде туындаған құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындау;
7) комиссия және жұмыс топтарына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша;
8) Министрліктің негізгі қызметіне қатысты сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;
9) құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен хат алмасу;
10) Министрліктің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Министрліктің атынан түсіндірмелер беру;
11) жұмыс берушінің актілеріне сараптама жүргізу;
12) Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау;
13) жедел және дұрыс іс-жүргізуді қамтамасыз ету;
14) орындаушылық және еңбек тәртібін бақылау;
15) материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде ұйымдастыру техникасымен, әдебиеттермен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуді;
16) Басқарма бекітіліп берілген мүліктің тиімді пайдаланылуын бақылау ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadry.msh@minagri.gov.kz
- 31.10.2025
- город Астана, улица Мәңгілік Ел, дом 8, Дом министерств, 3 подъезд
-
87172555969, 87752831026