ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ветеринариялық бақылау және ветеринариялық препараттар айналымы басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін), №УВКИОВП-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512005

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

А функционалдық блогы.

3.1. Басқарманың қызметін ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады.

3.2. Комитет басшылығы тапсырмаларының белгіленген мерзімде сапалы орындалуын ұйымдастырады, Басқарма құзыретіне кіретін құжаттарды, материалдарды дайындауға қатысады.

3.3. орындауға алынған тапсырмаларды бас сарапшылар, сарапшы арасында береді және бөледі және олардың жұмысын бақылайды, басқарманың Шығыс құжаттамасына бұрыштама қояды.

3.4. ішкі еңбек тәртібін сақтау, жұмыс әдістерін жақсарту, басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

3.5. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

3.6. өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

3.7. өз құзыреті шегінде "ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

3.8. ветеринария саласындағы халықаралық ынтымақтастық басқармасымен бірлесіп өз құзыреті шегінде ЕАЭО нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және келісуге қатысады;

3.9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қарайды және келіседі;

3.10. басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асырады;

3.11. ЕЭК-тің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің ветеринария саласындағы құзыретті органдарымен шетелдік ұйымдарға және тауарларды (өнімдерді) өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын тұлғаларға бірлескен тексерулер (инспекциялау) жүргізеді;

3.12. ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинауды, талдауды және ұсынуды бақылауды жүзеге асырады;

3.13. Басқарманың құзыретіне кіретін ынтымақтастық мәселелері бойынша материалдарды дайындауды, шет елдердің және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен келіссөздерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысуды жүзеге асырады;

3.14. Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

3.15. реттелетін саладағы ұлттық және халықаралық нормативтік құқықтық актілердің нормаларын түсіндіреді;

3.16. ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау және бақылау;

3.17. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3.18. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.10.2025 – 24.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.10.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945