ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, C-R-1 (1 бірлік), № Р-1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Павлодар облысы
380392
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, E-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Инспекция басшысы инспекцияның қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және жұмысын үйлестіреді, қызметкерлерге жүктелген лауазымдық міндеттерінің уақытылы және дұрыс орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;
Инспекция басшысының міндттері:
1) Комитетінің облыстық аумақтық инспекция басшысының тапсырмаларын, бұйрықтарын уақытында және сапалы орындауды ұйымдастыру;
2) Инспекция қызметкерлерінің жұмыс әдістерін жақсарту және жұмыс кестесін сақтау туралы шараларды ұйымдастыру және іске асыру;
3) Аудан аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды іске асыру және ұйымдастыру;
4) Объектілердің орын ауыстыруына экспорттық ветеринариялық сертификат беру;
5) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру;
6) Объектілердің орын ауыстыруына экспорттық ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін ұсыну;
7) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін ұсыну;
8) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы заңнамаларында көрсетілген жағдайда әкімшілік шаралар қолданады және нұсқама береді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, істі қарайды.
9) Ветеринария саласында Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпте ветеринарлық есеп жүргізеді және ұсынады.
10) Ветеринария саласында Қазақстан Республикасы Президентінің Үкімдері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының Заңдарының талаптарын орындау бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметтеріне бақылау және қадағалауды іске асыру.
11) Өзге мемлекеттерден әкелінетін жануарлардың экзотикалық және жұқпалы қоздырғыштарының жұғуы мен таралуынан Қазақстан Республикасы аумағын қорғау бойынша ветеринариялық шаралардың іске асуына бақылау және қадағалауды іске асырады.
12) Ветеринариялық-санитариялық бақылауға бағынышты аудан (қала) ішінде тасымалданатын, тасымалдау кезіндегі жүктерге заңнаманы сақтауды бақылау, сонымен қатар жануарларды, олардың өнімдерімен, шикізаттарын тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық ережені сақтау;
13) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын, жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
14) Адамдар және жануарла үшін ортақжжұқпалы аурулардан адамдар мен жануарларды қорғау мақсатында, жем азық қоспалары, азық және жануарлардан шыққан шикі заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; жануарлардың өнімділігін жақсарту; адамдар мен жануарлардың денсаулығы үшін қауіпсіздігі; аса қауіпті жұқпалы ауруларды жұқтырған жануарларды алу және жою; залалсыздандыру (зарасыздандыру), емдеу және диагноз қою, олардың профилактикасы, жануарлар ауруын жою, олардың таралуының алдын алуына бағытталған ветеринариялық шараларды ұйымдастыру.
15) Ветеринариялық-санитариялық жағдайлар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігіне бақылау мен қадағалауды іске асыру.
16) Жануарлар ауруларының таралуы және пайда болуы, олардың тамақтан улану жағдайлары мен себептерін анықтайды.
17) Ветеринария саласында қызметін іске асыратын, жергілікті атқару органдарының қызметіне бақылау және қадағалауды іске асырады;
18) Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласында Қазақстан Республикасы заңнамалардың, Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілерін сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды ұйымдастыру және іске асыру.
19) Шет елдерден Қазақстан Республикасы аумағына жануарлардың экзотикалық аурулар және жұқпалы ауруларының таралуынан сақтануды ұйымдастырады.
20) Қазақстан Республикасы заңнамаларында көрсетілген тәртіпте техникалық регламентте көрсетілген талаптардың орындалуы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды іске асырады.
21) Тиісті аумақтағы жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды және бар қауіптерді талдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар әзірлеген ветеринариялық профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарларын келісуді жүзеге асырады;
22) Өзінің құзыреті шегінде Инспекцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапкершілік артады;
23) Мемлекеттік қызмет көрсетуде стандарттар мен регламенттерді сақтайды.
24) Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының стандарттары мен ережелерін сақтаңыз.
25) Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бақылауды және Инспекция мемлекеттік қызметшілерінің ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
26) Қазақстан Республикасы заңнамаларында көрсетілген басқада міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
maratov.e@minagri.gov.kz
- 29.10.2025
- Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172)555945