ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы аумақтағы тамақ және биологиялық қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 24 ақпанға дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), № ОПИББНТ-9
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін береді және олардың тізілімін жүргізеді; мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді; Астана қаласы аумағында жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды табыс етеді; ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуына және орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігіне, ветеринариялық-санитариялық жағдайына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтайды; тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ұйымдастырылуына және өткізілуіне, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуіне және ондағы ақпараттың жаңартылып отырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды; әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерін деректер базасына уақытылы енгізу жұмыстарын жүргізеді; әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша қаулылардың уақытылы орындалуға жолдауын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан: ішкі сауда объектілерінде; ветеринария саласындағы кәсіпкерлік, оның ішінде лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда; мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда; орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде; жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша; тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында; орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне; мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), күтіп-ұстауға, көбейтуге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына; жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы Астана қаласы аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық шаралар жоспарын келісуді жүргізеді; жоғары тұрған органдардан түскен тапсырмаларды уақытында орындалуын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының заңнамалары шеңберіндегі басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
maratov.e@minagri.gov.kz
- 18.09.2025
- Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172)555945