ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік), № ОБПП-1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Ұлытау облысы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының, тамақ қауіпсіздігі бойынша заңдардың талаптарын қатаң ұстану;
Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу;
Қазақстан Республикасының заң талаптарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарының талаптарын жеке және заңды тұлғалар ұстануларына бақылау жүргізу;
Өзіне берілген құзіреттілікті қолдана отырып уақытында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заң және тамақ өнімдері қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарды алдын-алу;
Бақылауға жататын объектілерді тасымалдау кезінде, және де жануарлар мен өнімдердің, шикізаттарды облыс (қала) бойынша тасымалданған кезде ветеринариялық-санитариялық ереже талаптарын ұстануға бақылау жүргізу;
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты (импорты) және транзиті кезінде оларды тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде, экспорты (импорты) және транзиті кезінде жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлеріне бақылау жүргізу;
Ветеринариялық-санитариялық сау аумақтарда адам және жануар денсаулығына зиян келтіретін объектілер шыққан жағдайда, аталмыш объектілерді алу және жоюға және сау емес аумақтарда ауылшаруашылық малдарын тасымалдануына тиым салынып, берілген нұсқамалардың орындалуын ұйымдастыру;
Экспорт (импорт) және транзит кезінде тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында, экспорт (импорт) және транзит кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ құзыреті шегінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне бақылау жүргізу;
Мүдделі тұлғаларға зерттеу жүргізу уақытын ескертіп, ветеринариялық-санитариялық, диагностикалық зерттеу жүргізу үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілерден сынама алуды бақылау;
Ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Ішкі сауда орталықтарында сатылатын бақылауға жататын объектілердің ішінен қауіпті тағамдардың сатылуына жол бермеу үшін алдын-алу шараларын өткізу мақсатында ішкі сауда орталықтарында мониторинг жүргізіп, ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу;
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу;
Ветеринария саласында, соның ішінде лицензиялық, кәсіпкерлікпен айналысатын түлғалардың қызметіне бақылау және қадағалау жүргізу;
Құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясын қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына жүзеге асырылады;
Бірыңғай тауарлар тізіміне кіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде бақылау жүргізу;
Құзыры шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, арыз берушіге Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес уақыттық мерзімді сақтап жауап қайтарады;
Мемлекеттік ветеринариялық зертханалардың және ішкі сауда объектілеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін зертханалардың мал өнімдерінің қауыпсіздігін анықтау мақсатында жүргізетін жұмыстарына бақылау жүргізеді;
Инспекция басышылығының шешіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңдылықтарының талаптарына қайшы келмейтін басқа лауазымдық міндетті жүзеге асырып, құжаттарды дер кезінде орындау;
Қалалық және аудандық аумақтық инспекциялардың экспорт және импорт кезінде жүргізілетін ақпараттық жүйелерін және бөлімнің жұмысына қатысты басқа да ақпараттық жүйелердің жүргізулеріне бақылау жасау;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заң талаптарына сәйкес ветеринариялық есеп-қисапты тапсыруға, жоғары тұрған мекемелердің құжаттарының уақытында орындалуына бақылау жүргізу.
Комитеттің ведомствасындағы мекемелер мен қалалық, аудандық аумақтық инспекция қызметіне бақылау жүргізу;
Тасымалданатын объектілерге экспорт (импорт) кезінде берілетін ветеринариялық сертификаттардың берілу үрдісіне бақылау жүргізу;
Жоғары түрған мекемелердің құжаттарын уақытында орындалуын қамтамасыз ету;
Ветеринария саласындағы объектілердің ЕАЭО реестріне кіру үшін жиналатын құжаттардың ережеге сәйкес жүргізілуіне бақылау жүргізу;
Облыс аумағында Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарының, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарының орындалуына бақылау және қадағалау жүргізу;
Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген ветеринария саласындағы есеп пен есептілік жүргізу және ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Өтiнiштер бойынша қабылданған мәселелер мен шешiмдердiң мәнiнiң дұрыс толтырылуы үшiн жауапкершiлiк өтiнiштердiң тiкелей жауапты орындаушыларына жүктеледi.
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бақылауды және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді жүзеге асырады;
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
maratov.e@minagri.gov.kz
- 18.09.2025
- Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172)555945