ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бөлім басшысы, C-O-4 (1 бірлік), № ОББ-1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Ұлытау облысы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Бөлім басшысы бөлім қызметін ұйымдастырады және биологиялық қаупсіздік бөлімінің жұмысына басшылық етеді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапкершілікте болады.
1) Инспекция құзыреті шегінде ветеринария саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
2) Инспекция басшысының, Комитеттің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрықтарын және тапсырмаларын өз уақытында және сапалы орындалуын ұйымдастырады;
3) еңбек тәртібінің сақталуын және бөлім қызметкерлерінің жұмыс тәсілдерін жақсарту бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
4) ветеринарлық есепке алуды және есеп-қисапты ұйымдастырады және жүргізеді және оларды ветеринария саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте ұсынады;
5)ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының Заң талаптарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының заңды және жеке тұлғалармен орындалуына мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізеді;
6) бюджеттік бағдарламамен сатып алынған ветеринарлық препараттардың, олардың республикалық қорын қосқанда, сақталуына, тасымалдануына (жеткізілуіне) және қолданылуына бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;
7) облыс аумағына басқа мемлекеттерден әкелінетін жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуі мен таралуынан қорғау мақсатында ветеринарлық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды іске асырады;
8) жануарлар ауруларын болдырмауға, таралмауына немесе жоюға, алдын алуға, емдеуге немесе диагностикалауға және алдын алуды қоса алғанда, залалсыздандыру (зарарсыздандыру), адам мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауырған жануарларды тәркілеп алып жоюды; адамдар жануарлардың жұқпалы ауруларынан, сонымен қатар жануарлар мен адамға ортақ ауруларынан қорғау мақсатында жануарлардың өнімдері мен шикізаттарының, азық және азық қоспаларының, бірдейлендіру рәсімдерін қоса алғанда, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ветеринарлық-санитарлықбақылауды және қадағалауды іске асырады;
9) жануарларды бірдейлендіруге мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асырады;
10) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабының 2 тармағы мен 10-1 бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың қызметін мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;
12) облыс аумағындағы ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларының қоздырғыштары штаммдарының пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;
13) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринарлық препарат¬тарды, азық және азық қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады;
14) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды және қадағалауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтауды;
15) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.
17) Өтiнiштер бойынша қабылданған мәселелер мен шешiмдердiң мәнiнiң дұрыс толтырылуы үшiн жауапкершiлiк өтiнiштердiң тiкелей жауапты орындаушыларына жүктеледi.
18) Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бақылауды және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді жүзеге асырады;
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
maratov.e@minagri.gov.kz
- 18.09.2025
- Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172)555945