ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Орал қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы, C-R-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 12 желтоқсанға дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), № УГТИ-11

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-R-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

243701

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

Білімі: ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария, ветеринарлық фельдшер, ветеринария

Функционалды міндеттер

А функционалдық блогы.

Негізгі мақсатты іске асыру және өзінің қызметінің негізгі мәнін жүзеге асыру үшін Орал қалалық аумақтық инспекциясының бас маман- мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы өзінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай міндеттерін жүзеге асырады:

- Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

- Аудан аумағындағы ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс- шаралар (вакцинация, диагностика, бірдейлендіру т.б) жоспарының орындалуын бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;

- Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

- Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметін бақылау мен қадағалауды;

- Орал қаласы бойынша орналасқан жануарларды союды және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс обьектісіне ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізеді;

- Ветеринария саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік жазалар қолданады, сондай-ақ ветеринария саласындағы Заң бұзушылықты түзету туралы нұсқамалар береді;

- Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге бөлшектеу жүргізу;

- Ветеринария саласындағы бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартына сай мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді;

- Бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, оларды сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануына, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

- Орал қаласы бойынша аса қауіпті аурулардың ошағы пайда болған кезде эпизоотиялық зерттеу жүргізіп, эпизоотологиялық зерттеу актісін жасақтайды және патологиялық сынама алу жұмыстарына қатысады, сондай-ақ сауықтыру жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды күн сайын жүзеге асырады;

- Орал қаласы бойынша жаңадан әкелінген немесе әкетілетін ауыл шаруашылығы малдарын карантинге қояды және карантиндеу нәтижесі бойынша эпизоотологиялық зерттеу актісін жасақтайды;

- Орал қаласы Желаево округі бойынша бруцеллез ауруына оң нәтиже берген малдарды оқшаулап, жануарлар иелеріне жануарларға санитариялық тазалау, санитариялық сою жүргізу туралы нұсқама береді және күнтізбелік 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде ауру жануарларды санитариялық сою үшін жануарларды союды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне (ет комбинаты, сою пункті) жібереді, сондай-ақ санитариялық сойылған малдардың биологиялық (патологиялық) сынамалары ПТР әдісімен теріс нәтиже берген кезде, жануарлар иелеріне мал шаруашылығы қора-жайлары мен олардың аумақтарына санитариялық тазарту (механикалық тазарту), дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізу туралы нұсқама береді және күнтізбелік 15-20 күннен кейін жануарларға қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

- Орал қаласы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллез ауруына қарсы алынған қан сынамасы тізімдемесін «Ауылшаруашылығы жануарларының бірдейлендіру жөніндегі дерекқорына» сәйкестігін 1 жұмыс күні ішінде тексеріп, қолымен және мөрімен растайды;

- Орал қаласы бойынша мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырларды) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігіне және олардың күтіп-ұсталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүргізеді;

- Орал қаласы бойынша қолайлы эпизоотиялық бірліктерде, сондай-ақ қолайсыз эпизоотиялық бірліктерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қояды және жояды, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысады, сондай-ақ аталған фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлайды;

- Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерден және биологиялық материалдардан сынама алу және жолдама құжаттарын рәсімдейді.

- Орал қаласы бойынша ішкі сауда объектілерінде күнделікті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады.

- Ветеринария саласы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі белгілеген үлгі және тәртіп бойынша ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізу және оларды жинақтап талдау үшін қаланың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына тапсырады;

- Ішкі сауда объектісі аумағында жұмыс атқаратын жеке және заңды тұлғалардың арасында ветеринария саласындағы білімдерді және ветеринариялық-ағартушылық жұмыстарды насихаттауды ұйымдастырады.

- Ветеринариялық құжаттарды беру кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 7-1/453 бұйрығында көрсетілген стандарттар мен регламенттерді қатаң сақтайды;

- Заңнамаға сәйкесті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.09.2025 – 16.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

18.09.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945