ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының Биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы. Индексі ОББ-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау, жануарлардың экзотикалық және қоздырғыш жұқпалы ауруларының таралуын және әкелінуін қадағалау бойынша ветеринарлық іс-шараны бақылау және оны іске асыру,  мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық объектілердің қауіпсіздігін бақылау,  жауарлардың ауруының таралуы және күдіктену себебі, олардың азықтан улануын анықтау, құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясын қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, жануарларды аурулардан қорғау, халық денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау, облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық шаралар жоспарын келісуді жүргізеді, ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штамдардың пайдаланылуын, тасымалдануын (жеткізілуін), сақталуын және жойылуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ұсынады, өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыруға және жүргізуге, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасының жүргізілуіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, экспорттау (импорттау) және транзиттау кезінде ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) және айналымы процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады,  мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын, таралуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Мемлекеттік тілді білу, компьютерде Word, Excel,  Е-mail бағдарламаларымен  жұмыс істей білу. "А" - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.09.2025 – 16.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945