ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының Әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы. Индексі ОАФО-1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Алматы облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасайды және бөлімнің мамандарының міндеттерін айқындайды; инспекцияның Ережесін, регламентін, істер номенклатурасын, іс жүргізу нұсқаулығын, лауазымдық нұсқаулықтарды жасайды және бекітуге ұсынады; инспекция басшыларына қол қоюға берілетін құжаттардың заңнамаларға сәйкес қаралуын қамтамасыз етеді; инспекция аппаратында кадрларды орналастыру және іріктеп алу бойынша қызметіне басшылық жасайды; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының және басқа да заңдардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады; инспекцияның кадрлармен жұмыс бойынша есептің уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етеді; инспекцияның ұйымдастыру - реттемелеу жұмыстарының құжаттарын әзірлеуге қатысады; инспекцияның құрылымдық бөлімдердегі құжаттардың қозғалысына мерзімдік сараптау жасап, бақылауды жүзеге асырады: тәртіптік және т.б. комиссиялардың жұмыстарын үйлестіреді; жоғары тұрған органдардың құжаттарының уақытылы орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді; сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда инспекция қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мүдделерiн бiлдiреді; құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастырады; инспекция қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді; инспекцияның құрылымдық бөлімдерінде тапсырмалар мен құжаттарды орындау жөніндегі қызметін үйлестіреді; бөлім мамандары арасындағы тиімді өзара байланысты қамтамасыз етеді және олардың жұмыстарын ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттер мен өкілеттіктерді жүзеге асырады. "В" - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
maratov.e@minagri.gov.kz
- Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172)555945