Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары, C-O-2 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 13 маусымға дейін)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Ұлытау облысы
422437
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Геодезия және картография
- Топырақтану және агрохимия
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Кадастр
Функционалды міндеттер
Департаменттің ағымдағы және перспективалық міндеттерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру; Департаменттің құқықтық жұмысын ұйымдастыру; құзыретіне сәйкес мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша Департаменттің жұмысын үйлестіру; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысу; ведомствоның дамуы бойынша ұсыныстар енгізу; сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу; Департамент басшысының тапсырмаларын уақытылы орындау; Департаменттің лауазымдық міндеттеріне сәйкес Департаменттің функцияларын жүзеге асыру; жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; жер кадастрының және жер мониторингінің дұрыс жүргізулуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар немесе нұсқаулар беру; Жер кодекстің 94-бабы 2-тармағының 3 бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы және оны тоқтату туралы хабарламаны Мемлекеттік корпорацияға жіберу; жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы; Жер кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және беру; мақсаты бойынша пайдаланылмайтын және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау және алып қою; егер пайдалы қазбалардың кен орындарын салу, игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып, жүзеге асырылатын болса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізілсе, оларды тоқтата тұру; Жер кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпаратты орталық уәкілетті органға беру
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.09.2025
- Жезказган қаласы Ғарышкерлер Бульвары көшесі, 15
-
74-97-26