Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің акваөсіруді дамыту басқармасының басшысы , санаты C-3 (1 бірлік, негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне уақытша, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін) ), УРА-1

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Балық шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Ветеринарлық медицина
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Функционалды міндеттер

 Басқарма жұмысына тікелей басшылықты, басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауын жалпы бақылауды жүзеге асыру; акваөсіру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға,
салалық бағдарламаларды, даму жоспарын, акваөсіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, үйлестіруге және мониторингтеуге қатысу, акваөсіру мемлекеттік қолдау жөніндегі шараларды әзірлеу, акваөсіру мәселелеріне қатысты талдамалық материалдарды дайындауға қатысу; акваөсіру мәселелері бойынша
бюджеттік бағдарламаларға негіздемелер әзірлеу, биологиялық
негіздемелерді, ғылыми-зерттеу жұмыстарының есептерін, акваөсіру мәселелері бойынша ғылыми ұйымдардың ұсынымдары мен ұсыныстарын қарау; республикалық бюджет комиссиясының отырысына шығару үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қаржылық есептер мен тиісті материалдарды дайындау; басқарма қызметінің саласына кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру, сенілген мемлекеттік мүлікті мұқият пайдалануды, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру, Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша бұйрықтарды, өкімдерді, тапсырмаларды, жоспарларды және басшылықтың бір реттілік
тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау, Комитет басшылығының басқа датапсырмаларын орындау.(Блок А, грейд 6).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.09.2025 – 09.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

12.09.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 79-58-68