Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы Сыртқы өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 04.06.2027 ж. дейін, негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығуға құқылы), С-О-5 санаты, 1 бірлік, № 18-7.3-3.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Биология
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Білім: биология
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Функционалды міндеттер
Өсімдіктердің сыртқы карантині саласындағы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Шекаралық және ішкі фитосанитариялық бақылау бекеттерінде фитосанитариялық бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімдер мен объектілерді әкелу, әкету және транзиттеу кезінде тексереді, фитосанитариялық сертификаттарды ресімдейді. Қазақстан Республикасы шекарасы арқылы карантинге жатқызылған өнімдерді тасымалдау кезінде фитосанитариялық талаптардың сақталуын бақылайды. Шетелден әкелінетін карантиндік объектілердің ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларға қатысады. Фитосанитариялық тексерулер мен зерттеулер нәтижелері бойынша нұсқамалар, актілер, хаттамалар, қызметтік жазбалар және басқа да құжаттарды дайындайды. Бақылау және зерттеу нәтижелері бойынша деректерді есепке алады, талдау жасайды, есептік, талдамалық және ақпараттық материалдарды әзірлейді. Фитосанитариялық бақылау мәселелері бойынша кеден органдарымен, шекара қызметімен және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Еңбек және атқарушылық тәртіпті, қызметтік әдеп нормаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтайды. Бөлім мен аумақтық инспекция басшылығы айқындайтын өкілеттілік шеңберіндегі өзге де міндеттерді орындайды.
Функционалды блок-А.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
shynazbek.a@minagri.gov.kz
- 08.09.2025
- Тараз қаласы, Пушкин көшесі №140 Б
-
87172-555-885