Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы, санаты C-O-1 (1 бірлік) Р-10

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

708 388

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, E-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Балық шаруашылығы
  • Биология
  • Экология
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

Функционалды міндеттер

Бақылаудағы аумақта балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; бақылаудағы аумақта
балық шаруашылығын қорғауды, өсімін молайтуды және пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; балық ресурстарын және басқа да сужануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; мемлекеттік және еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, жоғары кәсіби жұмыс үшін қажетті күш-жігер жұмсау, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы және үнемді тәсілдерін қолдану;мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше
орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге қарсы тұру; сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу; азаматтардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асыру; Комитет алқасының, Министрліктің отырыстарына, Министрлік басшылығы өткізетін кеңестерге және Басқа іс-
шараларға; инспекцияға жүктелген функциялардың, сондай-ақ Комитет, Министрлік басшылығының бұйрықтарының, шешімдерінің, тапсырмаларының, бекітілген бағдарламалар мен жоспарлардың, бақылау құжаттарының уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
балық шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауды, қорғауды, өсімін молайтуды және пайдалануды және ғылыми қамтамасыз
етуді мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; биологиялық әртүрлілікті сақтауды ұйымдастыру; облыстың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің балық
ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру; құрылымдық бөлімшелер, мемлекеттік мекемелер басшыларының балық ресурстарын
және басқа да су жануарларын қорғау, қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі есептерін тыңдау; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;балық
ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ғылыми қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесуді ұйымдастыру және
(немесе) қамтамасыз ету; балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мемлекеттік есебін, кадастрын және мониторингін жүргізуді ұйымдастыру; су объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды жүргізу
жөнінде ұсыныстар енгізу жануарлар, олардың бөліктері мен дериваттары; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ғылыми қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексеруді жүзеге асыру;
бекітілген лимиттер негізінде су жануарлары объектілерін алып қоюға квоталарды бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу; мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылауды жүзеге асыру;балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, сондай-ақ балық аулау үшін тыйым салынған
орындарда балық аулау үшін тыйым салынған кезеңге қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің қозғалысын келісу; балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) жергілікті маңызы бар учаскелерді бекіту жөнінде конкурстар өткізу; балық аулау қағидаларының
сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; биологиялық негіздеме негізінде бекітілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылығы мелиорациясын
келісу, жануарлар дүниесін пайдаланушылар арнайы пайдалану кезіндежүргізетін балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзету; процестік шешім қабылдау үшін тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына беру;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті басшылығының бұйрықтарына сәйкес өзге де міндеттер. Блок-А.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.08.2025 – 19.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

21.08.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 79-58-68