Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы С-О-4 санаты, 1 бірлік, № 18-5.2-1.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

305232

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биология
  • Биотехнология
  • Аграрлық техника және технология
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Білім: биология
  • Фитосанитарлық қауіпсіздік

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметіне басшылық етеді, өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау саласындағы міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді. Мамандардың жұмысын ұйымдастырады және бақылайды, міндеттерді бөледі, тәртіп пен нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді. Карантиндік нысандардың алдын алу және жою бойынша іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, бақыланатын аумақтағы фитосанитариялық жағдайды қадағалайды. Фитосанитариялық тексерулерді, мониторинг пен зертханалық зерттеулерді ұйымдастырады. Аумақтық инспекциялармен, мемлекеттік органдармен, зертханалармен және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасайды. Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың сақталуын, әсіресе, карантиндік өнімді тасымалдау кезінде, бақылайды. Нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады, есеп береді және басшылыққа талдамалық ақпарат ұсынады. Фитосанитариялық бақылау жүйесін жетілдіру және қауіптерге ден қою бойынша ұсыныстар дайындайды. Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, қызметтік этиканың және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Функционалды блок-А.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.08.2025 – 18.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10MB

Сұхбаттасу күні

20.08.2025

Сұхбаттасу орны

город Атырау мкр Лесхоз 49 А.

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885, 555-799