ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясы шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, индекс № ОПКПП-16

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

А функциональдық блогы.

Негізгі функционалдық міндеті: ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; облыс аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру, экспорттау ,импорттау және транзиттау кезінде кедендік бекеттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру. Ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ұсынады. Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. Шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысында бақылау жүргізеді. Жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша ветеринариялық бақылауды жүргізеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.08.2025 – 12.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945