ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік), № ОБППИПО-3
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Батыс Қазақстан облысы
327474
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Бөлімнің жұмысын жалпы басқару. бөлім мамандарының еңбек және орындаушылық тәртібін сақталуына қадағалау жүргізу;
Ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың заңнамаларын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру. Ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін беруін қамтамасыз ету. Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін қадағалау, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізілуін ұйымдастырып қадағалау. Ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды қадағалау, дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізуін қадағалау және ветеринарлық – санитарлық сараптама жүргізілуін қадағалау. Ішкі сауда объектілерінде, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жұмыстарын ұйымдастыру.
Үшінші елден келген ветеринарлық бақылауға жататын жүктерді ветеринарлық сертификатқа қайта рәсімделуін ұйымдастырып қадағалау.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерін қарастыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, әкімшілік айыппұлдарын салу. Ветеринариялық есепті дайындау және ұсыну. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарын іске асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
maratov.e@minagri.gov.kz
- 14.08.2025
- Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172)555945