Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті қаржылық құралдар басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысын ұйымдастыру және қызметіне жалпы басшылық ету, агроөнеркәсіптік секторда тұжырымдамаларды, заң жобаларын, бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеуге және келісуге, Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және агроөнеркәсіптік кешенде жаңа қаржы құралдарын құру және қолданыстағыларын жетілдіру мәселелері бойынша Министрдің бұйрықтарын әзірлеуге қатысу; агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің өтелуін субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру, оның іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру; АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру, оның іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру; агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру, оның іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру; облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жөніндегі жұмысты үйлестіру, оның іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру; инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру; қаржы құралдарының жаңаларын құру және қолданыстағыларын жетілдіру, олардың тиімділігін арттыру, агроөнеркәсіптік кешендегі салық жүйесін жетілдіру, кредиттік серіктестіктер жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу; «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның агроөнеркәсіптік кешен саласындағы акционерлік қоғамның кредиттік/лизингтік қызметін ұйымдастыру бөлігінде өзара іс-қимылы бойынша жұмысты үйлестіру;  бюджеттік бағдарламаларды әкімшілендіру бойынша үйлестіру, Министрліктің кеңестерін, алқа отырыстарын және өзге де іс-шараларды өткізу үшін Басқарманың құзыреті шегінде анықтамалар мен таныстыру материалдарын дайындау; құзыреті шегінде Департамент пен Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.08.2025 – 11.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

13.08.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, Министрліктер Үйі, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555969