Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, санаты C-O-5 (2 бірлік), ОРХ-3, ОРХ-9
Балық шаруашылығы комитеті
Алматы облысы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Балық шаруашылығы
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Ветеринария
- Биология
- Экономика
- Есеп және аудит
- Экология
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Қаржы және кредит
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде балық ресурстарын пайдалану, өсімін молайту және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу ережелерін сақтау, жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығын жүргізуге арналған келісім шарттарын орындауын сақтау, инспекция бақылауындағы балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстары және басқа да су жануарларын қорғау үшін рейдтік шараларға қатысу. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылар қызметін тексеруді жүзеге асыру. Бақылау-инспекциялық қызмет бойынша есептерді белгіленген тәртіпте дайындау және ұсыну. Балық қорларын және басқа да су жануарларының кадастрына және мониторингіне мемлекеттік есеп жүргізу. Балық аулауды реттеу, су тарту құрылыстарындағы балық қорының жағдайын ихтиологиялық бақылау, балық ауруларын анықтау балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің төлқұжаттарын жүргізу және су тарту құрылыстардың есебін жүргізу. Әкімшілік материалдарды қарау, соттарға қатысу, сондайақ қылмыстық істер бойынша сотқа қатысу. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 208 қаулысымен бекітілген «Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын» іске асыру мақсатында есептеулер жүргізу. Балық ресурстарына келтірілген залал сомасын есептеу. «Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын» іске асыруда есептеулер жүргізу, келесі жылдарға бюджеттік өтінімді қалыптастыруды дайындауға қатысу. Инспекцияның бақылауындағы жоғарыда тұрған және басқа да мемлекеттік органдардан түскен құжаттарды, аппараттық кеңестің шешімдерін, іс-шаралар жоспарын, басшылықтың тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау. Басшылық қойған өзге тапсырмаларды орындау. Арнайы дағдылар: балық шаруашылығы саласында тәжірибесі болу, Word, Excel, E-mail бағдарламаларында жұмыс істей білу.(Блок А, грейд 6).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
brimzhanova.sh@minagri.gov.kz
- 11.08.2025
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).
-
8(7172) 79-58-68