Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маман-өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 25.02.2028 ж. дейін, негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығуға құқылы) , С-О-5 санаты, 1 бірлік, № 18-7.1-2.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

263131

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биология
  • Биотехнология
  • Аграрлық техника және технология
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Білім: биология
  • Фитосанитарлық қауіпсіздік

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Бөлім құзыреті шеңберінде өсімдіктерді қорғау іс-шараларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Өсімдіктерді қорғау, фитосанитариялық мониторинг, зиянды организмдерді оқшаулау және жою бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Өсімдіктерді қорғау, пестицидтер мен агрохимикаттарды қолдану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын тексереді. Өсімдіктерді қорғау мәселелері бойынша қызметтік хаттар, есептер, талдамалық және ақпараттық материалдар жобаларын дайындайды. Фитосанитариялық жағдай мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілермен, мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Пестицидтердің (улы химикаттардың) өндірістік және тіркеу сынақтарын жүргізуге қатысады. Кеңестерді, оқыту іс-шараларын және семинарларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады. Бөлім мен аумақтық инспекция басшылығының тапсырмаларын уақтылы әрі сапалы орындауды қамтамасыз етеді. Еңбек тәртібін, қызметтік этиканы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
Бөлім мен инспекция басшылығы айқындайтын өкілеттілік шеңберіндегі өзге де функцияларды орындайды.

Функциональды блок-А.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.07.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.07.2025 – 30.07.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10MB

Сұхбаттасу күні

01.08.2025

Сұхбаттасу орны

Тараз қаласы, Пушкин көшесі 140 Б.

Анықтама алу үшін байланыс

8/7172/555-885. 8/7272/555-799.