Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Маркетинг
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Геодезия және картография
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр
  • Қаржы
  • Геодезия

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттері: Бөлімге басшылық жасау және Департаменттің ұйымдастырушылық жұмысын үйлестіру. Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген залалды өтеу, мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою, жер учаскелерін беруге, нысаналы мақсатын өзгертуге, алып қоюға, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою, сондай-ақ жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда оларды орындау және жеке тұлғалардан, лауазымды адамдар мен заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу мәселелері бойынша сотқа талап қоюды дайындауға және беру.

Құқықтық сипаттағы құжаттар мен шаруашылық, еңбек шарттарының жобалары, сондай-ақ Департамент шығаратын бұйрықтар бойынша заң сараптамасын жүргізеді. ҚР қолданыстағы заңнамасында белгіленген басқа да міндеттерді орындау. Департаменттің мүлкі үшін материалдық жауапкершілік, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасында белгіленген басқа да міндеттерді орындау. Департаменттің қаржылық-құқықтық қызметі мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру, қызметкерлерге жалақы есептеу. Қаржылық-құқықтық және кадрлық қызметтің ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерінің уақтылы берілуін бақылау. Қазынашылық басқармасында ақша операцияларының жүзеге асырылуын бақылау және қаржыландыру жоспарының жобасын қалыптастыру, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, оның ішінде қазынашылық органдарында тіркеумен сатып алу шарттары мен хаттамаларын ресімдеу. Жеткізушілермен және мердігерлермен жұмысты жүзеге асыруды бақылау. Құжаттаманы және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруды бақылау іс қағаздарын жүргізу бойынша ағымдағы құжаттаманы тіркеу, есепке алу және сақтау. Құжат айналымының (бір) жүргізілуін, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақтылы қаралуын, сондай-ақ Тілдер туралы нормалардың сақталуын бақылау.  Департаменттің істер номенклатурасын дайындау және облыстық мұрағатпен өзара іс-қимыл жасау. Департаменттің кадр жұмысын бақылау (Е-қызмет жүйесінде).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.07.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.07.2025 – 28.07.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

31.07.2025

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаменті, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көшесі,89, 2 қабат, 225 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-97-26