Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маман-өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, № 18-14.1-3
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Павлодар облысы
263431
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Білім: биология
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
(Блок А-5) Бөлім құзыреті шеңберінде өсімдіктерді қорғау іс-шараларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Өсімдіктерді қорғау, фитосанитариялық мониторинг, зиянды организмдерді оқшаулау және жою бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Өсімдіктерді қорғау, пестицидтер мен агрохимикаттарды қолдану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын тексереді. Өсімдіктерді қорғау мәселелері бойынша қызметтік хаттар, есептер, талдамалық және ақпараттық материалдар жобаларын дайындайды. Фитосанитариялық жағдай мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілермен, мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Пестицидтердің (улы химикаттардың) өндірістік және тіркеу сынақтарын жүргізуге қатысады. Кеңестерді, оқыту шараларын және семинарларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады. Бөлім мен аумақтық инспекция басшылығының тапсырмаларын уақтылы әрі сапалы орындауды қамтамасыз етеді. Еңбек тәртібін, қызметтік этиканы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен ақпараттық қауіпсдік талаптарын сақтайды.
Бөлім басшылығы айқындайтын өкілеттілік шеңберіндегі өзге де функцияларды орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
orazkhankyzy.asel@minagri.gov.kz
- 21.07.2025
- Павлодар қаласы, Едіге би көшесі, 71
-
87172-555-885