Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 03.01.2028 ж. дейін, негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығуға құқылы), С-R-1 санаты, 1 бірлік, № 18-14-02-1
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Павлодар облысы
354069
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, E-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Білім: биология
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
(Блок А-7) Өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы заңнаманың орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Егістік және шаруашылығы алқаптарының фитосанитариялық жағдайына зерттеу, мониторинг және талдау жүргізеді. Карантиндік, алдын алу және жою іс-шараларын ұйымдастырады және оған қатысады. Карантиндік өнімді сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібінің сақталуын бақылайды. Шаруашылық субъектілердің пестицидтер мен агрохимикаттарды қолдану қызметін тексереді, санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. Тексеру нәтижелері бойынша есеп жүргізеді, хаттамалар мен нұсқамалар жасайды, қажет болған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар дайындайды. Аудандағы фитосанитариялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өсімдіктер карантині және қорғау мәселелері бойынша кеңес береді. Халық және аграрлық құрылымдар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтайды.
Өкілеттігі шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
orazkhankyzy.asel@minagri.gov.kz
- 21.07.2025
- Павлодар қаласы, Едіге би көшесі, 71
-
87172-555-885