Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-кадр, С-О-5 санаты, 1 бірлік, № 18-7.4-3
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
(Блок В-5) Кадр іс жүргізуін жүзеге асырады: қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату, жеке істерді жүргізу, еңбек шарттарын ресімдеу.Кадр есебін жүргізеді, демалыс, аурухана парағы, іссапарлар мен жұмыс уақыты табельдерін уақтылы ресімдеуді қамтамасыз етеді. Демалыс кестелерін құрастырады және олардың орындалуын бақылайды. Жеке құрам бойынша бұйрықтар, анықтамалар және кадрлық мәселелер бойынша өзге де құжаттарды дайындайды. Еңбек заңнамасының, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының және еңбек қауіпсіздігі нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Лауазымдарды конкурстық тағайындау рәсімдеріне қатысады, конкурс құжаттарын ресімдейді. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттау рәсімдерін ұйымдастырады. Кадр құжаттарының мұрағатын жүргізеді, олардың сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз етеді. Уәкілетті органдарға кадр бойынша есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шеңберінде бөлім мен инспекция басшылығының тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
shynazbek.a@minagri.gov.kz
- 09.07.2025
- Тараз қаласы, Пушкина көшесі 140 Б
-
87172-555885