Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті орынбасары, C-2 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

688752

Жалпы біліктілік талаптары

   С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1  санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Биотехнология
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Өсімдік шаруашылығы

Функционалды міндеттер

Департаменттің қызметін үйлестіру және жұмысын ұйымдастыру; нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік және әдістемелік құжаттардың жобаларын келісуге қатысу,

Департамент қызметінің бағыттарына жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және Министр бұйрықтарының, халықаралық актілердің, Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілері мен техникалық регламенттерінің жобаларын әзірлеуге қатысу; мемлекеттің аграрлық саясатын қалыптастыруға және іске асыруға, агроөнеркәсіптік секторда бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастыру; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп дайындауға Департаменттің қатысуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрліктің регламенттеріне және іс жүргізу жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес Департаментте іс жүргізуді, сондай-ақ мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету; ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықтарын реттеу бойынша ұсыныстар енгізу бойынша жұмыстарды үйлестіру.; аграрлық азық-түлік нарықтарын реттеу саласында мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясатты әзірлеу және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, аграрлық азық-түлік нарығының инфрақұрылымын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; ауыл шаруашылығы нарықтарын құруға әдістемелік қолдауды ұйымдастыруға қатысу; негізгі тауар топтары мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша аграрлық азық-түлік нарығының жай-күйіне мониторинг жүргізу және талдау жүргізу; Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу; органикалық өнім өндіру, Техникалық реттеу саласындағы мемлекет саясатын қалыптастыруға қатысу, сондай-ақ органикалық өнім өндіру және техникалық реттеу бойынша халықаралық ұйымдармен, таяу және алыс шетелдермен ынтымақтастық; нормативтік құқықтық актілер, стандарттар және техникалық регламенттер жобаларын келісуді қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеудің және тамақ өнеркәсібінің жай-күйі мен дамуына мониторинг жүргізу; ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және тамақ өнеркәсібін дамыту болжамын жүзеге асыру; озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу саласын және тамақ өнеркәсібін мемлекеттік қолдау жөніндегі шараларды жетілдіруге қатысу; Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.06.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.06.2025 – 30.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3 (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

87172555918