Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік), УОРРИРР-3

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Балық шаруашылығы
  • Биология
  • Экология
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Ветеринарлық медицина

Функционалды міндеттер

Комитеттің жұмыс жоспары мен Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының салалық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, ғылыми зерттеу жұмыстарының тематикасы бойынша техникалық өзіндік ерекшелігін (тапсырмаларын), балық ресурстарын және басқада су жануарларын сақтау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастыру және (немесе) қатысу; сатып алынатын қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге қатысу, балық шаруашылығы су айдындарының және/немесе олардың учаскелерінің балық өнімділігін анықтау бойынша сатып алынатын қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге қатысу; биологиялық негіздемелерді, ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебін, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары мен ұсынымдарын қарау, Комитеттің бюджеттік өтінімдеріне негіздемелер дайындауға қатысу, Еуразиялық экономикалық одақтың «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін әзірлеуге қатысу; Комитеттің аумақтық бөлімшелердің бақылау-инспекциялық қызметі және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қорықшылық қызметінің жұмысы, балық және басқа да су жануарларын аулау лимитін игеру, балық шаруашылығын дамыту жоспарларын орындау, пайдаланушылармен шартты бұзу, балық және балық өнімдерін қайта өңдеу, халықаралық және/немесе республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекіту бойынша конкурстар жөніндегі талдамалық анықтамаларды әзірлеу; мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша есептерді әзірлеу; балық және басқа да су жануарларының мониторинг жүйесі бойынша ақпарат әзірлеу; балық және басқа да су жануарлары бойынша ақпарат әзірлеу; балық шаруашылығы саласындағы нормативтік құқытық актілердің жобалары бойынша түсіндірмені әзірлеу; балық шаруашылығы саласында халықаралық өзарақатынасты жүргізу; биологиялық негіздемелерді, ғылыми зерттеу жұмыстарының есебін, ғылыми ұйымдардың ұсынымдарын қарау; халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша конкурсқа дайындау; құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора, сенілген мемлекеттік мүлікті мұқият пайдалануды, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру, Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша бұйрықтарды, өкімдерді, тапсырмаларды, жоспарларды және басшылықтың бір реттілік тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау, Комитет басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау, сенілген мемлекеттік мүлікті мұқият пайдалануды, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру, Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша бұйрықтарды, өкімдерді, тапсырмаларды, жоспарларды және басшылықтың бір реттілік тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау, Комитет және Басқарма басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау (Блок А, грейд 6).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.06.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.06.2025 – 27.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

30.06.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 79-58-68