ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 12 қаңтарға дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), № ОАИФО-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

243367

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау

Функционалды міндеттер

В функционалдық блогы.

Бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын және бөлімге жүктелген тапсырмаларды уақытылы, сапалы орындауын жүзеге асырады. Бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын және аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларына бюджеттен бөлінген қаржыны мақсатты әрі толықтай игерілуін қадағалап, тексереді. Бастапқы құжаттарды, қағаз және электрондық тасығыштарда бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, есептілікті, есеп саясатын, есепке алу деректерін электрондық іздеу бағдарламаларын, оларға есептеулерді, басқа да құжаттардың
сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізеді, Бухгалтерия 1С бағдарламасымен жұмыс жасайды. Ай сайын мекеме жұмысшыларының еңбеккүн табелін тексереді, жұмыс өтілін бақылайды. Мекеме жұмысшылары мен қызметшілеріне жалақыны, еңбек демалысы төлемі, куәландыру қағазы бойынша есептейді және мерзімінде төлейді, әлеуметтік және табыс салықтарды, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды бюджетке мезгілінде аударады және де кәсіподақ, партиялық жарналарын аударады. «Жалақылар бойынша есеп айырысу ведомосының жиынтығы» бойынша № 5 мемориалдық ордер-есеп беруші ретінде жинақтаушы тізімдемені ай сайын толтырады. Ай соңында айналым тізімдемесін жасайды. Жалақы бойынша анықтама береді. «Бухгалтерия 1С», «Клиент-Казначейство», «СОНО» бағдарламаларында жұмыс жасайды. Атқару қағазы бойынша есеп жүргізеді, белгілінген мерзімде дайындайды және белгіленген басқармаларына ұсынады. Салық есебін және еңбек бойынша статистикалық есепті белгілінген мерзімде дайындайды және мемлекеттік кіріс басқармасына, облыстық статистика басқармасына ұсынады. Автокөліктер бойынша әрбір объектінің автокөліктерінің путевкалары бойынша есебін дайындайды және мерзімінде бас есепшіге №13, № 16 мемориалдық ордермен ұсынады. «Есеп беретін есептер бойынша жинақтау ведомості» № 8 мемориалдық ордер-аванстық есеп бойынша іс-сапар шығыстарын
есептеу және аудару. Келісім-шарттар, өтінімдерді Қазынашылық органдарда тіркейді және оның өткенін қадағалайды. Ай сайын ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне бюджеттен бөлінген қаржының орындалуы туралы ақпарат береді. Қаржыны уақытылы және дұрыс бухгалтерлік есеп шоттарына тіркейді. № 6 мекемелермен есеп айырысу мемориалдық ордерді толтырады. Мекеме жұмысшылары мен қызметшілеріне іс-сапар шығындарын есептеу және мерзімінде төлеуді қамтамасыз етеді, бас кітап толтырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.06.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.06.2025 – 18.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

23.06.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945