ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы, C-R-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 10 қыркүйекке дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), № $kod-1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Ақтөбе облысы
243367
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Қосымша талаптар
Мал дәрігерлік тазалық сақтау, Мал дәрігерлік медицина
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды, ветеринариялық препараттарды өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларды, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды бақылайды және қадағалайды. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты (импорты) кезінде оларды тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде бақылайды және қадағалайды. Экспорты (импорты) кезінде жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша бақылайды және қадағалайды. Экспорт (импорт) кезінде тасымалдау (орын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарын бақылайды және қадағалайды. Экспорт (импорт) кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ құзыреті шегінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй жайларында және қызметін бақылайды және қадағалайды. Құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясын қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауын бақылайды және қадағалайды. Кеден Одағы аумағындағы мемлекеттерге, Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа шығарылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге ветеринариялық сертификаттар береді. Аумақтық бірліктегі эпизоотиялық жағдайды ескере отырып ауыстырылатын (тасымалданатын) жүктерді шығаруға, енгізуге және транзитке рұқсатқа сұраныс береді. Облыстық аумақтық инспекцияға берілетін жетілік, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептердің уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етеді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оны бұзған тұлғалар туралы мәліметтерді АРМ ЕУСС бағдарламасына енгізеді және ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасына ұсынады және салыстыру актілерін тапсырады. Жеке және заңды тұлғалардан өтініштер, арыз - шағымдар түскен жағдайда бағдарламаға енгізеді және сол бойынша есепті дайындайды, уақытылы тапсырады. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасымен тексерулер бойынша салыстыру актілерін жасайды. Ішкі құжат алмасуды қадағалайды, кіріс және шығыс құжаттарды тіркейді, тіркеу журналдарын жүргізеді және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. «Е-қызмет» және «ЕСП (БТЖ)» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасайды.
Бақылап – қадағалау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай екендігін тексеріп, ветеринариялық-санитариялық қорытындылар береді.
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу номерін береді және оны есепке алады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
maratov.e@minagri.gov.kz
- 23.06.2025
- Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172)555945