Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті құжаттамалық қамтамасыз ету және БАҚ-пен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Филология
- Құқықтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
Функционалды міндеттер
Басқарма басшысының, Комитет басшылығының тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау. Комитеттің кіріс және шығыс құжаттарының өтуіне, орындалуына, Комитетке келіп түсетін хат-хабарларды бөлуге, орнатуға және бақылаудан алуға уақтылы бақылау жүргізу. Орындаушылық тәртіп бойынша Комитет басшылығына апта сайын ақпарат дайындау. Documentolog арқылы, сондай-ақ қағаз жеткізгіштерде келіп түсетін кіріс және шығыс хат-хабарларды уақтылы қабылдауды, тіркеуді және жіберуді қамтамасыз ету. «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттармен жұмыс жүргізеді. «ҚБПҮ» қызметтік ақпаратын қамтитын құжаттарды қалыптастыру, есепке алу, ведомстволық мұрағатқа сақтауға беру. Комитетте іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, Құжаттаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжат айналымының жай-күйін есепке алу мен талдауды ұйымдастыру, құрылымдық бөлімшелердің құжаттау және құжаттаманы басқару қағидалары талаптарын сақтауы, Комитетте және құрылымдық бөлімшелерде құжат айналымы бойынша жұмыстарды уақтылы жүзеге асыру. Бекітілген жұмыс учаскесі бойынша және бекітілген номенклатураға сәйкес құжаттар мен істерді қалыптастыру. Құжаттарды кейіннен сақтауға және пайдалануға дайындауды жүзеге асыру (істерді ресімдеу, тізімдемелерді жасау), өндіріспен аяқталған істерді комитеттің мұрағатына тапсыру. Құжат айналымын ақпараттық қамтамасыз етуді оңтайландыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Құжаттармен жұмыс жағдайын талдау, орындаушылық тәртіп, жұмыс түрлері мен әдістерін жетілдіру. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының, депутаттық сауалдардың, құрылымдық бөлімшелердің бақылаудағы құжаттарды орындау бойынша жұмысын үйлестіру. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын, жоғары тұрған органдардың актілері мен тапсырмаларының, басшылықтың бұйрықтарының, тапсырмаларының, Комитет отырыстарының хаттамаларының уақытылы орындалуына мониторингті жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Ф-2 үлгідегі тоқсан сайынғы есепті ұсыну. Комитетке келіп түскен Азаматтардың өтініштеріне талдау жүргізу және Комитеттің салалық құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп арыз иелерімен көтеретін жүйелі мәселелерді анықтап, тиісті пәрменді шаралар қабылдау. Ұжымдық өтініштерге айналу ықтималдығы жоғары азаматтардың өтініштерін анықтау мақсатында ішкі талдауды, бақылауды және мониторингті жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Комитетке келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауға бақылау және мониторинг бойынша жұмысты жүзеге асырады. Тіркеудің дұрыстығын тексереді және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Есеп комитетіне, Бас прокуратураға шығыс хат-хабарларды жолдайды. Құжаттарды ведомстволық мұрағатқа одан әрі сақтау, есепке алу және пайдалану мақсатында оларды өңдеу жұмыстарын ұйымдастырады. Істер номенклатурасын қалыптастырады және уәкілетті органдармен келіседі. Құжаттардың құндылығы бойынша оларды сақтауға және жоюға іріктеу үшін сараптамалық комиссиясының жұмысына қатысады. Комитеттің қызметін толыққанды және объективті жариялау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Комитет басшылығының қатысуымен өтетін іс-шаралардың ақпараттық сүйемелдеуін ұйымдастырады.Түрлі ақпараттық шаралар аясында баспасөз релизін, ақпараттық-имидждік мәліметті, тезистер, түйінді хабарларды әзірлейді. Комитеттің қызметі туралы БАҚ-тағы ақпаратқа мониторинг жүргізеді. Министрліктердегі және ведомстволардағы баспасөз қызметімен өзара әрекеттеседі.
"Б"- функциоанлдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
omarova.ka@minagri.gov.kz
- 20.06.2025
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті, город Астана, проспект Мәңгілік Ел-8, 3 подъезд, пошта мекенжайы: 010000
-
8 (7172)74-97-26