Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті топырақ ресурстары және климатқа төзімді ауыл шаруашылығын дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), Функционалдық блогы "А"
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Агроинженерия
- Экология
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Өсімдік қорғау және карантин
- Кадастр
Функционалды міндеттер
Басқарма басшысының және Комитет басшылығының тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау. Басқарма құзыреті шеңберінде жер заңнамасын қолдану практикасын қорыту. Министрліктің стратегиялық жоспарын іске асыруға қатысу және ондағы мақсаттар, міндеттер мен көрсеткіштерге қол жеткізу. Жер сапасын есепке алу және климатқа төзімді ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша заңнамалық нормативтік-құқықтық актілерді, әдістемелік нұсқауларды, ұсынымдарды, стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Жер сапасын есепке алу үшін жүргізілетін топырақ, геоботаникалық, бонитировкалық және басқа да зерттеулердің көлемін айқындауға қатысу. Жер сапасын есепке алу және климатқа төзімді ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Жер сапасын есепке алу және климатқа төзімді ауыл шаруашылығы, оның ішінде жердің тозуына қарсы күрес, мал шаруашылығынан парниктік газдар шығарындыларын азайту, энергияны үнемдейтін ауылшаруашылық техникасын енгізу, құрғақшылыққа төзімді дақыл сорттарын бейімдеу, климаттың өзгеруі нәтижесінде пайда болатын өсімдік зиянкестерімен күресу мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсету. Жер қорының сапалық жағдайы туралы деректерді жинау, жүйелеу, зерттеу және сақтау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру. Комитет пен Министрліктің басшылығы жүктеген басқа да функцияларды орындау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау міндеттемелерін орындау. Құпия режимді қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
abdikarimova.b@minagri.gov.kz
- Астана, проспект Мәңгілік Ел-8, 3 подъезд, каб 904
-
8(7172)74-97-26