Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Топырақтану және агрохимия
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысына басшылық етеді. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына, оның ішінде облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылданған шешімдерінің заңдылығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушыларға уақтылы шаралар қабылдау. Жүргізілген тексерулердің материалдарын объективті дайындау. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Бөлімнің бас мамандары - мемлекеттік инспекторларына айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алуға материалдарды уақытылы дайындау және жолдау бойынша бақылауды жүзеге асыру. Бөлімнің ақпараттық-талдау жұмысы, семинарларға, кеңестерге өткізілген тексерулер қорытындысы бойынша ақпарат дайындауға қатысу. Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. 1-ЖЕР есептің және бөлім қызметіне байланысты барлық есептіліктердің уақтылы дайындалуын және жіберілуін бақылауды жүзеге асыру. Бөлімнің бас мамандары - мемлекеттік инспекторларымен жүргізілетін тексерулердің сапасы мен уақтылылығын бақылау. Нұсқамалардың нақты орындалуын бақылауды ұйымдастырады, сондай-ақ мемлекеттік органдарға тиісті есептерді уақтылы дайындауды және ұсынуды бақылауды жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері бойынша жіберілген нұсқамаларға, айыппұлдарға, мемлекеттік органдарға тиісті есептерді дайындауға және ұсынуға мониторинг жүргізеді. Жіберілген нұсқамаларды уақтылы мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жасайды.
Өз құзыреті шегінде жер заңнамасын орындауға байланысты осы мекеменің басшылығының өзге тапсырмаларын орындайды.
"А"-функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.06.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.06.2025 – 12.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

17.06.2025

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті, Петропавл қаласы, Интернациональная к., 70

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172)74-97-26