Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Түркістан облысы бойынша балық инспекция бөлімінің басшысы, санаты C-O-4 (1 бірлік), ОРИПТО-1

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Балық шаруашылығы
  • Биология
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Ветеринарлық медицина

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Бөлімнің Ережесіне және жұмыс жоспарына, жануарлар дүниесін қорғау бойынша құқық қорғау, басқа да органдармен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес қызметті жүзеге асыру. Әкімшілік құқық бұзушылық уралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру, сұрау салуларға, тапсырмаларға, хаттарға жауаптар дайындау; бұзушылықтарды анықтау бойынша жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қорықшылық қызметімен өзара іс-қимыл жасау; бекітілген су айдындарында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында тиімді мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін қажетті ісшараларды ұйымдастыру. Тексерулерді жоспарлау, есепке алу және бақылауды жүзеге асыру. Жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру; бақылау үшін аулауды жүзеге асыру. Мелиоративтік жұмыстардың барлық түрлеріне, соның ішінде балық аулауға, балық шабақтарын құтқаруға қатысу. Мыналарды: балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуын, балық аулау қағидаларының сақталуын, жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығын жүргізуге арналған және балық шаруашылығын су айдынын және (немесе) учаскесін акваөсіру үшін пайдалану туралы шарт талаптарының орындалуын; белгіленген шектеулер мен тыйымдардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Бөлім қызметінің мәселелері бойынша соттарда, қылмыстық қудалау органдарында инспекцияның мүдделерін білдіру. Балық және басқа су жануарларының өлу себептерін анықтау бойынша комиссияға қатысу. Балық және басқа су жануарларын өсіру технологиясына бақылау (Блок А, грейд 6).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.05.2025 – 03.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

04.06.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 79-58-68