ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының тамақ өнімдері қауіпсіздігі бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 единица), № ОБПП-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327474

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

А функционалдық блогы.

Бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру; Өз құзыреті шегінде облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық бақылау
және қадағалау іс-шаралардың ұйымдастырылуына басшылық жасауға; Жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауырулардың таралуынан қорғау мақсатында ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау іс-шаралардың жүзеге асырылуын аудандық, қалалық аумақтық инспекциялардан талап етуге; Ветеринариялық талаптар сақталмаған, ветеринариялық құжаттар дұрыс жасақталмаған жағдайларда, ет және ет өнімдерінің саны, сапасы, салмағы және орамы жөніндегі сәйкессіздіктер айқындалғанда, белгіленген тәртіпке сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттарды, басқа да мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктерді уақытша өткізуге немесе тасымалға
тыйым салу шараларын ұйымдастыруға; Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінен алынған сынамаларды, олардың диагностикасы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасын анықтау мақсатында құзырлы мекемелерге зерттеу жүргізу үшін жіберу шараларын ұйымдастыруға; Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу жұмыстарына талдау жасауға; Ветеринариялық құжаттарды ресімдеу және беру жұмыстарын ұйымдастыруға; Жануарлар және адам денсаулығына қауіп төндіретін бақылаудағы объектілерді алып қою және жою жұмыстарын ұйымдастыруға; Реттелуші саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға; Бөлімге жүктелген міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуына дербес жауап беруге; Бөлімнің жылдық жұмыс жоспарын жасақтауға және оның орындалысын қадағалауға; Мемлекеттік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынасты үйлестіруге; Облыс аумағына жануарлардың жұқпалы ауруларын қоздырғыштар мен экзотикалық ауруларының енуіне және таралуына жол бермеу шараларын қолданып, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, жануарлар мен қоршаған ортаға
қауіп келтіретін мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктердің келуінің алдын алуға; Ветеринарлық құжаттардың дұрыс жасақталуына және оларға сәйкес мемлекеттік ветеринарлық бақылауға жататын жүктердің тасымалдауда құжаттардың нақтылығын қамтамасыз етуге бақылау жасауды ұйымдастыруға; Анықталған кемшіліктерді түзеткенге дейін мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктерді пайдалануға тыйым салынуына және олардың қанағаттанғысыз ветеринарлық-санитарлық жайын немесе қауіптілігі анықталғанда, жануарлардың жұқпалы ауруларының пайда болуына не таралуына жол бермеуге бағытталған шараларды ұйымдастыруға; Ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне аудандық, қалалық аумақтық инспекциялардың жүргізген мемлекеттік бақылау, қадағалау жұмыстарына басшылық жасап, орындалысына мерзімдер (ай, тоқсан, жартыжыл, жыл) бойынша талдау жасап, қорытынды шығаруға; Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын аудандық, қалалық аумақтық инспекциялардың жұмысына бақылау жүргізуге; Аудандық, қалалық аумақтық инспекциялар көрсететін мемлекеттік қызметтерінің орындалуына талдау жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.05.2025 – 30.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

04.06.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945