ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шекарадағы және көліктегі ветеринариялық бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), № УВКНГИТ-3
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
327474
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
1) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының аумағын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ветеринария бойынша мемлекеттік іс-шараларды ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беруге арналған өтінімдерді импорттаушы елдің эпизоотиялық жағдайын бағалауды ескере отырып, ЕАСУ Веб-порталы арқылы қарайды;
5) Басқарманың құзыретіне жататын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
6) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша шет елдердің ветеринариялық қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7) Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Комитет басшылығына олар бойынша шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар дайындау және өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде жауаптар жіберу;
8) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды үйлестіреді және ұйымдастырады;
9) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
10) электрондық ақпараттық ресурстарды толтыруды жүзеге асырады, олардың дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді;
11) Басқарманың құзыреті шегінде кеңестерге, отырыстарға және алқаларға презентациялық материалдарды дайындауға қатысады;
12) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.
13) Басқарманың жұмыс жоспарын жасайды;
14) ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды;
15) ҚР заңдарында, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 04.06.2025
- Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172)555945