ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Талғар аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы. Индексі ТРТИ-8
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Алматы облысы
243367
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Қосымша талаптар
ветеринарлық фельдшер
Функционалды міндеттер
Аудан аумағын басқа мемлекеттерден, облыстардан әкелінген жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуінен және таралуынан қорғау, жануарлардың экзотикалық және қоздырғыш жұқпалы ауруларының таралуын және әкелінуін қадағалау бойынша ветеринарлық іс-шараны бақылау және оны іске асыру, аудан аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық шаралар жоспарын келісуді жүргізеді, өз құзыреті шегінде ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды іске асырады, жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және олардың азықтан улануының себептері мен шарттарын анықтайды және белгілейді, ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штамдардың пайдаланылуын, тасымалдануын (жеткізілуін), сақталуын және жойылуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, экспорттау (импорттау) және транзиттау кезінде жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, сонымен қатар ветеринариялық препараттарды, азық және азық қоспаларын сақтау, өткізу және дайындау ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізеді, ветеринария саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік жазалар қолданады, экспорттау (импорттау) және транзиттау кезiнде жеке және заңды тұлғалардың қызметiнде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ұсынады, өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыруға және жүргізуге, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасының жүргізілуіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясын қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен берілген өкілеттіктер шегінде актiлер шығарады, экспорттау (импорттау) және транзиттау кезінде ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) және айналымы процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды, мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады. "А" - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
maratov.e@minagri.gov.kz
- Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172)555945