Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық ғылым және білім департаменті білім беру және білімді тарату басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512005

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Биотехнология
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Өсімдік шаруашылығы

Функционалды міндеттер

Басқарманың міндеттері мен тапсырмаларын басқарма қызметкерлері арасында бөлуді; Үкімет, министрліктер мен Басқарма тапсырмаларының белгіленген мерзімде орындалуын бақылауды; Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес құжаттарды дайындау мақсатында Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволық бағынысты және жетекшілік ететін кәсіпорындармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Басқармаға жалпы басшылық жасауды және жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады; бюджеттік бағдарламаларды әкімшілендіру құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі (жоғары ғылыми-техникалық комиссия және басқалар) жанындағы отырыстарға Агроөнеркәсіптік кешенде білім беру және білімді тарату мәселелері бойынша материалдар дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды, ғылыми-технологиялық қызметті дамытуды, жетекшілік ететін саладағы халықаралық ынтымақтастық, зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды, құзыреті шегінде конкурстық, сараптамалық және басқа комиссиялардың құрамында қатысуды; үйлестіру, ғалымдар және басқа да кеңестердің жұмысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа да органдардың бақылау тапсырмаларына, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету саласындағы азаматтардың жеке өтініштеріне жауаптар жобаларын қарауды және келісуді, қажет болған жағдайда құзыреті шегінде БАҚ және ғылыми басылымдарда Жарияланымдар үшін материалдар дайындауды ұйымдастыруды; Министрліктің веб-сайтына және ауыл шаруашылығы министрінің блогына ақпарат енгізуді жүзеге асырады.Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.05.2025 – 15.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3 (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

87172555918