Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік, № 18-3-5

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

263131

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

(Блок В-5) Комитет қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; Комитет дайындайтын құқықтық және нормативтік құқықтық актілерге олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптама жүргізу; барлық сот инстанцияларында комитеттің талап-арыз жұмысын жүргізу; тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитеттің, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйіне талдау жүргізу; тиісті құрылымдық бөлімшелерді жазбаша хабардар еткен жағдайда шарттық міндеттемелерді орындамайтын өнім берушілерге қатысты шаралар қабылдау; заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету; Комитет жасасатын шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге,шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде ықпал ету шараларын қолдануға қатысу; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша директивалық құжаттарды, басшылықтың, комитеттің басқарма басшысының тапсырмаларын орындау; Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарына заң көмегін көрсету, комитеттің қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру; Басқарма басшысына басқарма жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу; Басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарауға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.04.2025 – 05.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 MB

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885, 8708-104-92-72;