Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпараттық қауіпсіздігі басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Информатика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметін үйлестіру, Басқарманың функциялары мен міндеттерін орындаумен байланысты құжаттар мен материалдарды сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастыру, Басқарма қызметкерлерінің бақылау іс-шараларын сапалы орындауын бақылауды жүзеге асыру, Сыртқы аудит жүргізуді ұйымдастыру және ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі аудитін жүргізуге қатысу, сондай-ақ Министрлікте ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптардың орындалуын бақылау; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тәуекелдердің басқарылуын бақылау; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын бизнес-процестер үздіксіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау; жеке және заңды тұлғалардың Министрліктің мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына және мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін ұйымдастыруды бақылау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттарды және материалдарды дайындауына Басқарма қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз ету, белгіленген тәртіппен басқарма атынан шығыс құжаттарға қол қою, Басқармаға келген кіріс хат-хабарларды қарау және Басқарма қызметкерлеріне орындау үшін жіберу; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министр, Жауапты хатшы және Вице-министрлер өткізетін кеңестерге қатысу, Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуымен жұмыс кеңестерін өткізу, белгіленген қызметкерлер саны және еңбек ақы төлеу қоры шегінде Басқарма құрылымы мен штаттық кестесі туралы ұсыныстар енгізу; Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, Басқарма қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын бекіту; заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.04.2025 – 29.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3 (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

87172555918