ҚР АШМ АКМИК Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және құқықтық қамтамысыз ету басқармасының басқарма басшысы, 1 бірлік, № 18-3-1.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
410720
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Биотехнология
- Топырақтану және агрохимия
- Өсімдік қорғау және карантин
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Функционалды міндеттер
Жалпы басшылық және басқарма қызметін үйлестіру; өсімдіктерді қорғау және карантині, астық нарығын реттеу, пестицидтерді лицензиялау және тіркеу саласындағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, салалық және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру шеңберінде ұсыныстар енгізу; бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды іске асыру шеңберінде өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, астық нарығын реттеу, пестицидтерді лицензиялау және тіркеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және оларға тиісті өзгерістер енгізу; стратегиялық және салалық жоспарлауды, өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы даму бағдарламаларын қоса алғанда, бағдарламалық құжаттарды іске асыру; өсімдік карантині және оларды қорғау саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша қызметті үйлестіру; өсімдіктерді қорғау және карантин саласында заң жобасын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; өсімдік карантині және оларды қорғау саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс топтарына қатысу; Комитет қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету; Комитет дайындайтын құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі мәніне құқықтық сараптама жүргізу бойынша жұмысты үйлестіру; барлық сот сатыларында Комитеттің талапарыз жұмысын ұйымдастыру және жүргізу; тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитеттің және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдау бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; тиісті құрылымдық бөлімшелерді жазбаша хабардар еткен жағдайда шарттық міндеттемелерді орындамайтын өнім берушілерге қатысты шаралар қабылдау; заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету; Комитет жасасатын шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етуге қатысу; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша директивалық құжаттарды, басшылықтың тапсырмаларын орындау; Комитетте тұрақты негізде нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуді және құқықтық мониторинг нәтижелері негізінде реттелетін саладағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуді үйлестіру; Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарына заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру, комитеттің қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша консультация беру; Басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарауға қатысу; Комитет басшылығына басқарма жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу.
Функционалды блок - В
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
isabekova.k@minagri.gov.kz
- 23.04.2025
- Астана қаласы Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 кіреберіс
-
87027203572