ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік), № ОАИФО – 2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

243367

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Еңбек жөніндегі мемлекеттік статистикалық есептерді толтыру.Табельді бекітуге дайындау. Инспекция қызметкерлері мен жұмыскерлерінің еңбекақыларын есептеу.Есептелінген еңбек ақыларды ведомостарын шығарып, басшылықпен бекітіліп, Қазынашылық клиент бағдарламасында өзіне бекітілген ЭЦҚ қолдана отырып төлем шоттары арқылы төлеуге басшылыққа ұсынады. Іс-сапарға жіберілген қызметкерлердің бұйрығы болған жағдайда және іс-сапар шығындарын төлену Ережесін басшылыққа алып, құжаттарын тексеріп, бекітілген уақытта төлемге жібереді.Есепті ай соңында кредиторлық, дебиторлық қарыздар туралы мәліметтер дайындайды,1С бағдарламада есептің жүруін қамтамасыз етеді.Бюджеттік өтінімді бекітуге дайындайды.Банктік бағдарламадан шығарылған 5-15, 5-15а нысандарын өткізілген құжаттармен сәйкестендірілуін қадағалау, соңғы төлемшотта хабарламаның тігілуін және 4-20 жинағымен ай сайын есеп жүргізу, апталық есептің белгіленген мерзімде кешіктірілмей жіберілуін қамтамасыз етеді.Қайтып келген құжатпен жұмыс жүргізу, хат дайындауды орындайды.Материалдық қорлардың есепке алынуын, есептен шығарылуын және берілген материалдық құндылықтар мен кеңсе заттарының есебін жүргізу және кредиторлық дебиторлық қарыздарды есепке алу және ай сайын есеп беру.Негізгі мүліктердің есепке алынуын, есептен шығарылуын және берілген негізгі мүліктердің есепте көрсетілуін қадағалайды және ай сайын мемориалдық ордерлермен шығындарын немесе кіріс бойынша бақылап, ай сайын және тоқсан сайын негізгі мүліктің қалдығын тізіммен шығарып, тігіп бақылауда ұстайды.Жеткізушілермен есеп айырысу № 6 мемориалдық ордерін, яғни жеткізушілерден келген шоттар мен қабылдап алу актілерін 1С бағдарламасында жүргізіп және оларды төлемшотпен жүргізілуін қамтамасыз етеді.Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бақылауды және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді жүзеге асырады (B блогы).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.04.2025 – 11.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

15.04.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945