ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің шекарадағы және көліктегі ветеринариялық бақылау басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік), № УВКНГИТ-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

511191

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

А функционалдық блогы.

Басқарма басшысы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Басқарманың қызметіне басшылық жасайды және өзіне жүктелген міндеттердің тиісінше орындалуы үшін дербес жауапты болады;

2) басқарма қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;

3) оларға бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес басқарма қызметкерлерінің жұмысына бақылауды жүзеге асырады; 

4) басқарманың Шығыс құжаттамасына бұрыштама қояды және орындауға алынған хаттар мен тапсырмаларды қызметкерлер арасында бөледі;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстарды, сондай-ақ оларға көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану шараларын дайындайды және Комитет басшылығына ұсынады;

6) басшылықтың тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы және уақтылы орындауды ұйымдастырады;

7) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

8) Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру саласындағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасы ратификациялаған ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдердің нормалары мен талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

10) Комитет басшылығының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымында және басқа да халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді және шекарада Ветеринариялық бақылау және тамақ қауіпсіздігі мәселелері бойынша олармен ынтымақтастықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

11) Ветеринариялық бақылау бекеттерінің жұмысын үйлестіреді;

12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген нысандар бойынша және тәртіппен ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді бақылауды жүзеге асырады;

13) тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ заңдарда көзделген шараларды қолдана отырып, оларға қатысты бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды үйлестіреді;

14) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуінен және таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды үйлестіреді;

15) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

16) шекаралық және кедендік пункттерде (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль қатынасы шегінде орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды үйлестіреді және ұйымдастырады және ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда;

17) Басқарманың құзыреті шегінде ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімін және Қазақстан Республикасының өзге де халықаралық шарттарын іске асыруға қатысады;

18) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда істерді қарау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, нұсқамалар беру және әкімшілік жазалар қолдану жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

19) шекарадағы ветеринариялық бақылау және тамақ қауіпсіздігі мәселелері бойынша ветеринария саласындағы қолданыстағы нормативтік және құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

20) ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды;

21) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.04.2025 – 11.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.04.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945