ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы Фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, № 18-11.3-4
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Қостанай облысы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Биология
- Экология
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Білім: биология
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Функционалды міндеттер
Реттелетін салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді карантиндік бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; өсімдіктер карантині мәселелері бойынша шағымдарды, өтініштерді қарау; жұмыс жоспарларын жасау; ақпарат жинау, жеке құжаттаманы жүргізу; даулы мәселелер бойынша сарапшының сөз сөйлеуі. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізеді. Әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік құжаттарының болуы мен дұрыс ресімделуін қарайды. Көлік құралдарын тоқтатуды және карантинге жатқызылған өнімді және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін фитосанитариялық бақылау бекеттерінде қарауды, тексеріп қарауды, карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы жүргізу және қажет болған жағдайда зарарсыздандыру, жою кезеңінде, сондай-ақ оларды карантиндік не фитосанитариялық сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе карантиндік фитосанитарлық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда ұстауды жүзеге асырады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану. ҚР өсімдіктер карантині жөніндегі заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқамаларды береді және орындалуын бақылайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларды сақтау. Бөлім басшысы айқындаған өзге де міндеттерді орындау. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау, қажет болған жағдайда оның карантиндік фитосанитариялық сараптамасын және (немесе) үлгілерді іріктеумен зертханалық сараптамасын жүргізеді, тасымалдауға арналған
көлік құралдары мен құрылғыларын (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді) жеке тұлғалардың қол жүгін және багажын, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртаңба қояды. Әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді жөнелту орындарында тұрақты карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған жағдайда – карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) үлгілерді іріктеумен зертханалық сараптаманы және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді. Әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық бақылау бекеттерінде құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімге тұрақты тексеру жүргізеді, қажет болған жағдайда оның карантиндік фитосанитариялық сараптамасын және (немесе) үлгілерді іріктеп зертханалық сараптамасын жүргізеді және ішкі сауда объектілерінде және Қазақстан Республикасының ұйымдарында карантиндік құжаттарды қарайды. Өсімдік тектес өнімдерді, ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа да мақсаттағы жерлерді өсіретін, дайындайтын, сақтайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай шаруашылықтарының аумақтары мен үй-жайларына тұрақты бақылау іріктеп тексеру жүргізеді, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқаманы береді және орындалуын бақылайды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес карантиндік ережелерді бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетіркеуді жүргізеді. Өсімдіктер карантині саласында жасалған келісімдерге сәйкес халықаралық нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді және ішкі еңбек тәртібінің белгіленген ережелерін сақтайды. Қазақстан Республикасына карантиндік объектілердің енуі мен таралуының алдын алу бөлігінде азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асырады. Мемлекеттік мекеме қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, жүйеде пайдаланушының тиісті рөлі ретінде салалық бағдарламалық өнімдерге қатысады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Карантинге жатқызылған өнімі бар жүк автокөлігінің ФББ арқылы өтуі жөнінде есеп жасайды және оны ОАИ фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөліміне ұсынады.
Функционалды блок - А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
isabekova.k@minagri.gov.kz
- 11.04.2025
- Қостанай қаласы, Леонида Беды көшесі, 23А үй
-
87027203572