Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік сатып алу және шарттық-шаруашылық жұмыс басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастыру; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары әкімшілік ететін мемлекеттік тапсырыс нысанында іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу бойынша іс-шараларды іске асыруға белгіленген тәртіппен қатысу; кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті үшін шарттар жасау; мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді белгіленген тәртіппен әзірлеу және қарау; Министрлік әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті (терді) белгіленген тәртіппен ұйымдастыру; Министрлікке бағынысты комитеттерге, мемлекеттік мекемелерге жергілікті жерлерде мемлекеттік сатып алуды жүргізу, есептілік жасау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету, қажет болған жағдайда аумақтық инспекцияларға барып тәжірибелік көмек көрсету; жүргізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша талдау жүргізу, ақпарат, анықтама дайындау; қазынашылық органдарында мемлекеттік сатып алу бойынша шарттарды тіркеу; келіп түскен бақылауға алынған құжаттарды белгіленген тәртіппен орындау; Департамент басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadry.msh@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3 (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
87172555918