Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Алакөл балық инспекциясы бөлімінің басшысы, санаты C-O-4 (1 бірлік), ОАРИ -1
Балық шаруашылығы комитеті
Жетісу облысы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Балық шаруашылығы
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Биология
- Құқықтану
- Экология
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде бөлім жұмысын ұйымдастыру, бөлім жұмысын жоспарлау. Бөлімнің жұмысына басшылық ету. Балық ресурстары және басқа да су жануарларын пайдалануын, өсімін молайту және қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, инспекция бақылауындағы балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау бойынша рейдтік шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылар қызметін тексеруді жүзеге асыру. Бақылау-инспекциялық қызмет бойынша есептерді белгіленген тәртіпте дайындау және ұсыну. Браконьерлікпен күресті ұйымдастыру, балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалануды бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік және басқа да органдардан сұрастыру және алу. Инспекция атынан талапкер ретінде соттарға қатысу. Балық шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік және кеңестік көмек көрсету. Бөлімге бекітіліп берілген қызметтік авто және су көліктерін сақтау, тек қызметтiк мақсатта пайдалану, уақытылы тіркеу және техникалық қараптексеруден (куәландырудан) өткізу. Бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеу, олардың орындалуын бақылау. Қызметтік мақсаттарда қызметтік қаруды дұрыс пайдаланылуына жауапты. Бекітілген автокөлікке техқызмет жүргізу. Арнайы дағдылар: балық шаруашылығы саласында тәжірибесі болу, Word, Excel, E-mail бағдарламаларында жұмыс істей білу. (Блок А, грейд 6).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
brimzhanova.sh@minagri.gov.kz
- 26.03.2025
- город Астана, проспект Мәңгілік ел 8, Дом министерств, 13 подъезд (при необходимости может быть проведено посредством дистанционного средства видеосвязи (ZOOM)).
-
8(7172) 74-10-15