Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-заңгері, С-О-5 санаты, 1 бірлік, № 18-16.4-2

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

226837

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

(Блок В-4) Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталынуына бақылау жүргізу және тексеру. Прокуратура, әділет органдарымен қарым – қатынас жасау; мемлекеттік қызметкерлерге кеңес беру; ҚР АШМ АӨК МИК ОАИ бойынша ескі нормативтік актілерді алмастыру немесе басқаларды дайындау жұмыстарын жүзеге асыру; құқықтық насихат жүргізу, аумақтық инспекцияның лауазымдық тұлғаларының олардың қызметіне байланысты нормативтікқұқықтық актілермен және қолданыстағы заңнамаға еңгізілген өзгерістермен таныстыру жұмыстары; ҚР АШМ АӨК МИК ОАИ-мен әзірленетін бұйрықтардың құқықтық сараптамасы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісшараларды ұйымдастыру және өткізу, салалық бағдарламалық өнімдерінде мемлекеттік мекеме қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланатын жүйеде пайдаланушының тиісті рөлі ретінде қатысу, барлық меншік нысандарындағы заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда, құқық қорғау органдарында, кәсіпкерлік субъектілерінде Инспекцияның мүдделерін қорғау, Инспекцияның мүддесіндегі барлық қажетті ісқимылдарды жасау, барлық сот мекемелерінде өкілдік ету, бөлім басшысымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау. Бөлім басшылығымен анықталған басқа да құзіреттерді заңнамаға сәйкес жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.03.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.03.2025 – 19.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МВ

Сұхбаттасу орны

Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 16 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885;