ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, № 18-11.2-10.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

263131

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биология
  • Экология
  • Биотехнология
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Білім: биология
  • Фитосанитарлық қауіпсіздік

Функционалды міндеттер

Реттелетін салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді карантиндік бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; өсімдіктер карантині мәселелері бойынша шағымдарды, өтініштерді қарау; жұмыс жоспарларын жасау; ақпарат жинау, жеке құжаттаманы жүргізу; даулы мәселелер бойынша сарапшының сөз сөйлеуі. Өсімдік тектес өнімдерді, ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа да мақсаттағы жерлерді өсіретін, дайындайтын, сақтайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай шаруашылықтарының аумақтары мен үй-жайларына тұрақты бақылау іріктеп тексеру жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізеді. Әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік құжаттарының болуы мен дұрыс ресімделуін қарайды. Карантинге жатқызылған өнімді және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін тексеру, тексеріп қарау, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізу және қажет болған жағдайда зарарсыздандыру, жою кезеңінде, сондай-ақ оларды карантиндік не фитосанитариялық сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда ұстауды жүзеге асырады. Карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар беруде, ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісуде, карантиндік арамшөпті өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерінен өміршеңдігінен айыруды және (немесе) ағаш орау материалын зарарсыздандыруды және таңбалауды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын объектілерге есептік нөмір беруде мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану. ҚР өсімдіктер карантині жөніндегі заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқамаларды береді және орындалуын бақылайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларды сақтау. Бөлім басшысы айқындаған өзге де міндеттерді орындау.

Функционалды блок А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.03.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.03.2025 – 19.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10MB

Сұхбаттасу күні

21.03.2025

Сұхбаттасу орны

Қостанай қаласы, Леонида Беды көшесі, 23А үй

Анықтама алу үшін байланыс

87027203572