Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы, санаты С-О-4, 1 бірлік, № 18-7.2-1.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
305232
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Биотехнология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Білім: биология
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Блок А-6
Реттелетін салада мемлекеттік бақылау-қадағалауды жүзеге асыру. Реттелетін салада мемлекеттің аймақтық саясатын, стратегиялық жоспарларды, бағдарламаларды және жобаларды жүзеге асырады. Облыс аумағында таралған карантиндік объектілер бойынша фитосанитариялық іс-шаралардың мониторингін ұйымдастырады. Фитосанитариялық шараларды жүргізудің әдістерін, заңмен реттейтін әдістемелерді, тәсілдерді, ұсыныстарды әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес, шұғыл шаралар жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылайды. Өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастырады және олардың өтуіне бақылау жасайды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасайды. Мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасайды. Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, өсімдіктер карантині мәселелері бойынша шаруашылық жүргізетін субъектілердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Семинар - кеңестерді ұйымдастырады және өткізеді. Бөлімнің жұмыс жоспарын құрастырады. «Фитосанитария» ШЖҚ РМК, «ФДжБРӘО» ММ жұмысын бағыттайды, сапасына бақылау жасайды. облыстық аумақтық инспекция басшылығымен басқа да құзіреттерді жүзеге асырады, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекция басшылығымен анықталған басқа да құзіреттерді заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. Бөлім мамандарының еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауына, тиісті құзіретті органдарға берілетін әрбір есептіліктің тиісінше орындалуын бақылауға алады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады, бөлімде осы жұмыстардың ұдайы жүргізілуін бақылайды. Ақпараттық қауіпсіздікті сондай-ақ, техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
simonenko.anna@minagri.gov.kz
- 20.03.2025
- Тараз қаласы, Пушкина көшесі 140 Б
-
555885